• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 06 Ақпан, 2024

Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет - Президент

138 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталатын Үкімет шұғыл, маңызды шешімдер қабылдап, елдегі бірнеше түйіткілді мәселелерді шешу керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Президент жаңадан тағайындалған Үкімет басшысына еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салаға жаңа серпін беру міндетін жүктеді.

«Экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдын ала міндеттерді қайта қарау қажет. Түптеп келгенде, мемлекет енді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс ету ісіне түбегейлі көшу керек. Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындайтын уақыт жетті. Осылайша біз озық даму жолына түсіп, ұлттық экономиканы шын мәнінде жаңа деңгейге шығарамыз. Қазір еліміздің салық және бюджет кодекстері мемлекеттік сатып алу және мемлекет пен жеке меншік әріптестігі туралы заңнамалар мүлде жаңаша сипатқа ие болды. Соның бәрі мен жариялаған жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың мықты тірегі болуға тиіс», деді Қ. Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мемлекеттің даму жолында маңызды шешімдерді көп созбай қабылдау керек екенін ескертті.

«Сонымен қатар алдымызда тариф саясатындағы кедергілерді жою, агросекторды қайта жандандыру әлеуметтік саланы басқару мен қаржыландырудың тиімді тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр. Бұл жерде, әрине, ең алдымен Үкімет маңызды рөл атқаруы тиіс. Жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет. Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдап, көп созбай шешуші қадамдарды жасау керек», деді Мемлекет басшысы.