Швейцарияның Базель қаласында жасөспірімдер арасында өткен шпагамен семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.
Бұл жарыста еліміздің жас өрендері өздерін жақсы қырынан көрсетті. Құрамында Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов сынды тастүлектері бар жерлестеріміз бастапқы бәсекелерде Польша мен Швейцарияны ұтса, жартылай финалда АҚШ спортшыларына сан соқтырды. Бірақ ақтық сында Мажарстанға есе жібердік. Сөйтіп, Базельдегі бәсекеде Қазақстанның семсерлесушілері күміс медальді иеленді.
Алдағы уақытта отандастарымызды көптеген ірі халықаралық жарыс күтіп тұр. Олардың арасындағы ең ірілері – Әлем кубогінің кезеңдік бәсекелері, әлем және Азия біріншіліктері. Сол дүбірлі додаларда да біздің ұл-қыздар жеңіс тұғырына көтеріледі деп үміттенеміз.