Алматы қаласы Медеу ауданы, Тау самалы шағынауданындағы екі үйді лай көшкіні басып қалғаны хабарланған еді. Іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде іздестірілген 4 адамның да денесі табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар бұған дейін 2007 жылы туған жігіттің денесін үйінді астынан алып шықты.
«Оқиға орнында құтқарушылар қалған 3 адамның денесін тапты. Олар 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің мәйіттері мен 2007 жылы туған 2 жасөспірім жігіт», делінген ТЖМ хабаралмасында.
Құтқару нәтижесінде іздестіріліп жатқан 4 адамның да мәйіті табылды.