Екінші жартылай жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Сұлтан Зәуірбек кезекті жекпе-жегін 1 наурызда Ұлыбританияның Телфорд қаласында өткізеді.
Қандасымыздың қарсыласы – Алекс Дилмагани. 32 жастағы жергілікті сақа спортшының кәсіпқойлар арасында жұдырықтасып жүргеніне 15 жылға жуықтады. Сол аралықта 23 жекпе-жек өткізіп, тек екеуінде ғана ұтылды. Жеті қарсыласын ұрып жықты. Алекс 2011 жылы отандасы Микки Ковени мен 2020 жылы Самир Зианиден ғана ұтылды. 2019 жылы ол өзінің соңғы бәсекесін былтыр қаңтар айында чехиялық Михал Дюфекке қарсы өткізіп, оны ұпай санымен ұтты.
Ал 27 жастағы Шымкенттің тумасы Сұлтан Зәуірбек 2018 жылдан бері спорттың осы түрін серік етіп келеді. Алты жыл аралығында 16 мәрте рингке көтеріліп, барлық қарсыласынан басым түсті. 12 бәсекеде айқын басымдық танытты. Соңғы рет Сұлтан 2023 жылдың 10 қарашасында Англияның Брайтон қаласында аргентиналық Серхио Мартин Сосаны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жекте WBO Global мен WBA Gold нұсқаларының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.