• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2024

Жол саласы ғалымдары – Парижде

135 рет
көрсетілді

Еліміздің жол саласы ғалымдары Парижде өтіп жатқан PIARC Дүниежүзілік автожол қауымдастығының техникалық комитетінің құрамында халықаралық нормативтерді өзектендіруге қатысып жатыр.

Жұмыс аясында отандық мамандар Қазақстанның жол саласының нор­мативтік базасын жетілдіру және оң­тайландыру, жаңа технологияларды енгізу, жол құрылысын цифрландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен бөліседі.

Өткен жылы Президенттің тапсырмасына сәйкес жол саласының нор­мативтік-техникалық базасын реформалау және оңтайландыру жұмыстары бастау алған болатын. Ол жұмысты Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) жүзеге асырып жатқаны мәлім.

Париждегі алаң біздің мамандар мен ғалымдар үшін бірегей болып табылады. Себебі ол әлемнің 125 елінен жол саласының жетекші мамандарын жинап отыр. Бұл біздің ғалымдарымызға салалық нормативтік құ­жат­таманы өзек­тендіруде, жолдарды күтіп ұстауда және салуда әлемдік тәжірибе мен нор­мативтік құжаттарға қол жеткізуге мүм­кіндік береді.