Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында наурыз айының 4-12 күндері аралығында өтетін Париж-2024 лицензиясы сарапқа салынатын әлемдік турнирде Қазақстан қыздар құрамасы бес салмақ бойынша Олимпиада жолдамасына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім болғандай, 114 елдің 668 спортшысы арасында 21 жолдама сарапқа салынады. Дүбірлі додада сыналатын еліміздің бұрымды боксшылары:
50 келі – Алуа Балқыбекова 54 келі – Жайна Шекербекова 60 келі – Римма Волосенко 66 келі – Наталья Богданова 75 келі – Валентина Хальзова
Еске салайық, қыздар боксынан ел еншісінде әзірге бір жолдама бар. Атап айтқанда, 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алған еді.