• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Ақпан, 2024

Екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

3407 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақаттанған, деп жазады Egemen.kz.

9 ақпанда сағат 18:55 мұғдарында «ВАЗ» және «КаМАЗ» көліктерінің соқтығысу оқиғасы тіркелген.

«Бұл жөнінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел 102 арнасына хабарлама келді. Үш адам оқиға орнында көз жұмып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.