• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Ақпан, 2024

Азия кубогі – Қатарда

69 рет
көрсетілді

Футболдан Қатарда өткен Азия кубогі жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін тартыс Лусаилдағы «Лузаил Айконик» стадионында өтіп, алаң иелері Иордания құрамаымен шеберлік байқасты.

Ширек финалда Иордания Тәжікстанды жеңсе, Қатар Өзбекстанды пенальти ар­қылы жарыс жолынан шығарды. Ал жар­тылай финалда Иордания Оңтүстік Корея­ның қақпасына жауапсыз екі доп салып, сен­сациялық нәтиже тіркелді. Қатар мен Иран арасындағы ойын өте тартысты өтіп, 3:2 тіркелді. Сөйтіп, финалда Қатар мен Иор­данияның жолы түйісті. Шешуші матч 3:1 есебімен Қатардың жеңісімен аяқталды. Бар­лық голды Акрам Ариф 11 метрлік нүк­теден соқты. Қарсыластар сапынан Язан әл-Наймат қана нысананы дәл көздеді. Осы­лайша, Қатар құрамасы қатарынан екінші рет Азия кубогін олжалады. 2019 жылы олар БАӘ-де өткен жарыста да жеңімпаз атанған еді.