Футболдан Қатарда өткен Азия кубогі жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін тартыс Лусаилдағы «Лузаил Айконик» стадионында өтіп, алаң иелері Иордания құрамаымен шеберлік байқасты.
Ширек финалда Иордания Тәжікстанды жеңсе, Қатар Өзбекстанды пенальти арқылы жарыс жолынан шығарды. Ал жартылай финалда Иордания Оңтүстік Кореяның қақпасына жауапсыз екі доп салып, сенсациялық нәтиже тіркелді. Қатар мен Иран арасындағы ойын өте тартысты өтіп, 3:2 тіркелді. Сөйтіп, финалда Қатар мен Иорданияның жолы түйісті. Шешуші матч 3:1 есебімен Қатардың жеңісімен аяқталды. Барлық голды Акрам Ариф 11 метрлік нүктеден соқты. Қарсыластар сапынан Язан әл-Наймат қана нысананы дәл көздеді. Осылайша, Қатар құрамасы қатарынан екінші рет Азия кубогін олжалады. 2019 жылы олар БАӘ-де өткен жарыста да жеңімпаз атанған еді.