Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Анықталған 3 жасырын орыннан 4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылған қару-жарақтар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін екенін айтты.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.