Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.
Қос тарап 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанда Саха республикасының күндері аясында өтетін іс-шараларды талқылады. Іс-шаралар Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылады.
Айта кетсек, 17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары «Якутия қазынасы» көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады.
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, Максим Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі көрсетіледі деп жоспарланған.
Одан бөлек Алматыдағы мемлекеттік театр залдарында да концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады.