• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 13 Ақпан, 2024

Корейлер «қатырып» кетті

104 рет
көрсетілді

Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста қос жүлдені олжалаған Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте үздіктер қатарына қосыла алмады.

Жерлестеріміздің арасынан тек Ақмолда Сайрамкез (67 кг) бен Александр Уваровтың (81 кг) жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетті. Екеуі де Сол­түстік Кореядан келген сайып­қы­рандарға есе жіберіп, күміс медальды мойнына ілді. Кирилл Староверкиннің де (96 кг) мық­тылар санатынан көрінуге жақсы мүмкіндігі болды. Ол жұл­қып көтеруде екінші орын алғанымен, серпе көтеруде осалдық танытты. Нәтижесінде, Кирилл төртінші сатыға тұрақтады.

Ташкентте Солтүстік Корея құрамасының қарқыны өте күшті болды. Ерлердің бәсекесінде Панг Ын Чол (55 кг), Пак Мён Джин (61 кг), Ри Вон Джу (67 кг) және Ри Чонг Сонг (81 кг) қар­сылас шақ келтірмей, бас жүл­дені олжалады. Осы көрсеткіш командалық есепте көш бастау үшін оларға жеткілікті болды. Қалған алтын­дарды индонезиялық Рах­мат Эрвин Абдулла (73 кг), иран­дық Әли Әлипур (89 кг), оң­түстіккореялық Вон Чон Бием (96 кг), өзбекстандық Ақбар Жу­раев (102 кг) пен Руслан Нурид­динов (109 кг) және сириялық Ман Асаад (+109 кг) иеленді.

Әйелдер сайысында са­рапқа салынған 10 бас жүл­де­нің барлығын да Корея түбегінің бикештері жеңіп алды. Солтүстіктен келген Вон Хён Сим (45 кг), Ри Сон Кам (49 кг), Кан Хён Гон (55 кг), Ким Иль Гён (59 кг), Ри Сук (64 кг), Сон Кук Хян (71 кг) және Чон-Чун Хуэйдің (76 кг) шоқ­­тығы биік болса, Оң­түстіктің өкіл­дері арасында Ким Су Хён (81 кг), Юн Ха Дже (87 кг) және Пак Хе Чжон (87 кг) алдына жан салмады.