• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Ақпан, 2024

Тіліксіз жасалған операция

229 рет
көрсетілді

Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға ординаторы, онкоуролог дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Талғат Құрманов Жезқазғанға арнайы келді. Ол осындағы медициналық орталық дәрігерлерімен бірге Ұлытау облысында алғаш рет инвазивті лапороскопиялық әдісті қолдану арқылы бүйрек обырына операция жасады.

Медицинаның осы заманғы жетістігін пайдалану нәтижесінде екі сағатқа созылған операция барысында науқастың бүйрегі аман қалды.

– Операция зейнеткер кісіге жасалды. Ол денсаулығы сыр берген бойда дереу дәрігер көмегіне жүгінген екен. Бүйрегінде жасушалық обыр бар болып шықты. Яғни ауру дер кезінде анықталды. Адамдардың уақтылы скринингтен өтіп тұрғаны дұрыс, – дейді Т.Құрманов.

Өкінішке қарай, аймақта қатерлі обыр көбейіп жатыр. Айталық, өткен жылы 14 адамнан бүйрек обыры анықталса, ал биыл қазірдің өзінде 13 кісіге осындай диагноз қойылды. Бұрын операция жасау керек болғанда мұндай аурулар Қарағанды, Астанаға жіберілетін еді. Жезқазғандық дәрігер­лер алдағы уақытта мұндай операция жасауға өздері де кірісіп қалуы мүмкін. Өйткені Жезқазған медицина орталығы бұған қажетті құрылғылармен жабдықталды.

 

Ұлытау облысы