• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Білім 15 Ақпан, 2024

Еліміздегі колледждерде білім беру форматы өзгереді

262 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде еліміздегі колледждердің білім беру форматын қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғани Бейсембаев қарқынды дамып жатқан еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауды талап ететінін жеткізді.

- Колледждерді түгендеу және профильдеу жүргізіледі. Бейіндік салалық кластерлерге сәйкес жүргізіледі: оңтүстік – өнеркәсіп, HOREGA қызметтері; орталық және шығыс – құрылыс, машина жасау; солтүстік – ауыл шаруашылығы және батыс – мұнай өндіру, қызмет көрсету және т.б. Бұл академиялық және өндірістік базаларды салалық колледждерге топтастыруға мүмкіндік береді. Аз контингенттері бар ауылдық колледждерді жетекші колледждермен интеграциялау жалғасады, - деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, облыс экономикасының қажеттігін ескере отырып, салалық құзырет орталықтарының желісі кеңейтіледі. Олар студенттердің практикалық оқуына, мамандарды қайта даярлауына және шағын біліктілік алуына негіз болады.

- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қаржыландырудың икемді моделі әзірленіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасымен интеграцияланған білім беру бағдарламаларының ұлттық портфолиосы әзірленеді", - деді Ғани Бейсембаев.

Соңғы жаңалықтар