Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф бәсекелері басталды. Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні біз екі бірдей аса қызықты ойынды тамашаладық.
Данияда жергілікті «Копенгаген» мен Англияның «Манчестер Ситиі» кездесті. 10-минутта Кевин де Брюйне есеп ашса, 34-минутта Магнус Маттсон таразы басын теңестірді. Командалардың үзіліске шығуына санаулы секундтар қалғанда Бернарду Сильва ағылшындарды алға шығарды. Екінші кезеңде де басымдық Хосеп Гвардиоланың командасында болды. Десек те 45 минут бойы олар алаң иелерінің қақпасын дәл көздей алмады. Даниялықтардың да сирек шабуылдары еш нәтиже бермеді. Бәсеке аяқталар тұста Фил Фоден үшінші допты торда тоғытты. Сол мезетте төрешінің ысқырығы да естілді. Есеп – 1:3.
Германиядағы матч басталған бетте «Лейпцигтің» шабуылшысы Беньямин Шешко Мадридтің «Реалының» қақпасын дәл көздеді. Бірақ оффсайд болғаны анықталды. Есеп тек 48-минутта ашылды. Қонақтардың қорғаныс шебінен сытылып шыққан корольдік клубтың жартылай қорғаушысы Брайм Диас нысананы дәл көздеді – 0:1. Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталды.