• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2024

Қатармен келісімге қол қойылды

131 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Қатар еліне  мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады  Egemen.kz   Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмысқа, оның ішінде оның трансұлттық түрлеріне қарсы күреске бағытталған.

Атап айтқанда, ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған.

Қазақстан тарапынан оларды іске асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Бас прокуратура болып табылады.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай Араб әлемі елдерімен халықаралық шарттар жасасқаны» жазылған ақпаратта.

Қатар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағындағы тағы бір мемлекет болды.