• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2024

Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді

190 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл 10 қаңтарда олардың екі ұл, бір қызы мерзімінен бұрын дүниеге келді. Алғашқы күндері олардың жағдайы ауыр болды. Балалардың денсаулығын бір айдан астам уақыт дәрігерлер бақылауда ұстады. Бір ай көлемінде нәрестелер 400 грамға дейін салмақ қосты. Қазіргі уақытта балалардың денсаулығы қалыпты», дейді Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі, штаттан тыс неонатолог Данияр Расулов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері үшемді шығарып салу рәсіміне арнайы барып, сәбилерге арналған жөргектер жиынтығын тарту етті.