• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2024

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

306 рет
көрсетілді

Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, облыс орталығы – Қонаев қаласында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіс саябағындағы еңселі ескерткішке жиналған Ауған соғысының ардагерлері мен әскерилер, ақсақалдар мен қала тұрғындары алқызыл гүл шоқтарын қойып, қан майданда ерлік көрсеткен, соғыстың зардабын татып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Бұдан соң Мәдениет үйінде жалғасын тапқан жиынға Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, лебізін білдірді.

«9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сүйенсек,  Кеңес одағынан 600 мыңнан астам адам аттаныпты. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21371 ардагер аман-есен Отанына оралған екен. Олардың қатарындағы 91 ардагер бүгінде Қонаев қаласының тұрғындары», деген қала әкімінің орынбасары бұл іс-шараның өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екендігін атай келе, қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында Ауған соғысының ардагері Марат Калгуловқа Қонаев қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Сондай-ақ ардагерлерге 35 жылдық мерекелік медалі мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Басқосудың соңы патриоттық әндер орындалған концерттік бағдарламаға ұласты.