• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Ақпан, 2024

Табыс тетігі – биржада

187 рет
көрсетілді

2023 жылы Астана халықаралық биржасы (AIX) нарықтағы жоғары пайыздық мөлшерлемеге қарамастан, айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Сауда көлемі мен бизнеске біраз капитал тартылып, борыштық құралдардың арқасында 2 миллиард доллардан астам қаражат жинақталып, сауда-саттық пен инвестор шоттары артқан.

«Біздің мақсатымыз ай­қын әрі нақты. Капиталдың тұ­рақты және ұзақмерзімді өсуіне өзі­міздің үлесімізді қосу арқылы қиындыққа ке­зік­кен отандық және ше­тел­дік компаниялардың іскерлік мақсатқа жетуіне шама-шар­қынша көмектесеміз. Олар­дың келешекте ел эконо­ми­касын арттыруға бағыт­тал­ған басымдықтарын зерделей отырып, алға қойған мін­деттерге тиімді түрде жа­­уап бе­ре­тіндей басқаруға на­­зар аударамыз», дейді AIX бас­қарма басшысы Әсел Мұқажанова.

Қазір AIX-тің ресми тізі­міне 94 түрлі эмитент бо­йын­ша бағалы қағаздардың 150 шығарылымы енген. Биржа құрылған уағынан бері, тартылған қарыз капи­та­лының жалпы көлемі 4,2 млрд долларды және мен­шікті капитал көлемі 365 млн долларды құраған. Өткен жылы жалпы сауда көле­мі­нің арасында акциялар, облигациялар, ETN және ETF алдыңғы жылғы 173 млн дол­лардан 582 млн долларға, яғни үш есе өскендігін көр­сетіп отыр. Акциялардың саудадағы көлемі – 130 млн доллар. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге жуық ұлғайған. Бүгіндері қаржы орталығында 37 сауда мүшесінің арасында Қа­зақстан, Қытай және Еуропа елдерінің брокерлері бар.

AIX орталық депози­та­рийін­де 1,5 миллионнан астам шот­тың ең көп са­тыл­ған акция­­лары Poly­me­tal Inter­national болды. Ол AIX жалпы сауда көле­мі­нің 31,1%-ын құрайды. Бұл да ал­дыңғы жылмен салыс­тыр­ған­да 2,5%-ға өскен.

Екінші орында – «Қаз­МұнайГаз» ҰК акция­ла­ры­ның саудасы – 30,7%.Үшін­ші орында 18,2%-дық көр­сеткішпен «Қаз­­атом­өнер­кәсіп» ҰАК» АҚ акциялары. Биржалық саудадағы бейрезиденттердің үлесі – 31%. Елімізде бизнес жүр­гі­зе­тін 10 компанияның бағалы қағазы 948,36-дан 1217,38 тармаққа дейін өсіп, 28,37%-ды құраған.

Егер 2022 жылы AIX тізіміне 14 бағалы қағаз енсе, өткен жылы 63 листингтің 56 борыштық және 7 эмиссиялық бағалы қағазы биржадан орын сайлады. Сонымен қа­тар былтыр 2 миллиард доллар шамасында қарыз ка­питалы тартылып, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өсті. Қарыз құралдарын орналастырған эмитенттердің тізіміне түрлі саладағы ұйым­дар кірген. Мәселен, банк ісі, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика саласында жұмыс істейтін компаниялар. 2023 жылы AIX ресми тізіміне БАӘ, Люксембург, Ұлыбритания және Кипр компаниялары қосылды. Шағын және орта кәсіпкерлікке ар­нал­ған облигациялар енді. Бүгін­де инвестор шотының саны 2021 жылмен салыс­тыр­ғанда 9 есе өсіп, 1,5 мил­лионға жетіпті. Tabys мо­биль­ді қосымшасы арқылы Exchange Traded Notes сауда-саттық көлемі 5,5 млн және басқарудағы қорлар 4,1 млн долларды құрайды. Tabys қосымшасындағы бел­сенді инвесторлардың жалпы саны 14,9 мыңнан асып жығылады.

Қазіргі уақытта институ­цио­­налдық және бөлшек сау­да да шетелдік инвесторлар AIX CSD-дегі жалпы сомасы 1,3 миллиард долларды құрайтын Polymetal акцияларының 1,2 миллиард долларына ие. Осы ретте әлем­нің 40-қа жуық елінің бөлшек инвесторлары AIX CSD-де шот ашқан.

Астана халықаралық бир­­жасында Әбу-Даби қор биржасы AIX үшін Tabadul Digital Exchange сауда орта­лығына қосылу туралы келі­сім­ге қол қойды. Tabadul-дің мүшелеріне Бахрейн қор биржасы, Орталық Азия бир­жасы (Тәжікстан) және Маскат ба­ғалы қағаздар на­ры­ғы (Оман) кіреді. Tabadul Hub тең дәрежелі сауда үлгісіне негізделген алғашқы цифрлық алмасу хабы аймақтық және жаһандық деңгейдегі мүше биржалары арасындағы саудада цифрлық алмасу платформасын ұсынады.

Биыл қаңтар айында БАӘ-нің BHM Capital бро­кері AIX сауда мүшесі атанды. Қазір AIX бизнес пен инвесторларға ин­новациялық өнімдер мен қыз­меттерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тысқары жерлерге сенімді әрі өтімді капитал нарығын дамытуды көздеп отыр.