• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2024

Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

546 рет
көрсетілді

Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірдегі құтқару жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

«Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының 970-995-шақырымында Абай ауданының жол қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 385 адам эвакуацияланды. Тиімділік үшін әуе қатынасы да тартылды.

Қалбатаудан Көкпектіге дейін жол ашық. Жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл аумаққа барлығы 14 бірлік жол техникасы жұмылдырылды. Қауіпсіз өтуді жылдам қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен жеке құрам тартылды.