19 ақпан күні Қазақстан аумағында қолайсыз ауа райы болады. Синоптиктер аяз қыса түсетінін хабарлады. Осыған байланысты Астана қаласының білім басқармасы ертең І ауысым оқушылары онлайн оқитынын айтты, деп жазады Egemen.kz
«2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында.