• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Ақпан, 2024

Жарысты жеңіспен бастады

123 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Пусан қала­сындағы үстел теннисінен өтіп жат­қан командалық әлем чемпионатын Қазақ­станның ұлттық құрамасы жеңіспен бастады.

Жігіттер тұсаукесер кездесуде Сауд Ара­бия­сымен сайысқа түсті. Кирилл Гераси­менко Халид Альшарефті және Алан Құр­манғалиев Абдулазиз Шулайбиді 3:0 есебімен бас көтертпей ұтса, сол елдің ең үздік ойыншысы Әли Әлхадравиді жеңу үшін Айдос Кенжеғұловқа біраз тер төгуіне тура келді – 3:2. Қорытынды есеп – 3:0. Бұрымдаларымыз Аустралияға қарсы ойнады. Бұл тартыста таразы басы біразға дейін теңселіп тұрды. Бірінші бәсекеде Зәуреш Ақашева Фан Цзянь Лэйден жеңілсе, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова өз қарсыластарын қапы қалдырып, команданы алға шығарды. Одан кейін Жасыл құрлықтың намысын қорғап жүрген алты бірдей Олимпиадаға қатысқан қытай қызы Сарвинозды сүріндірді. Десек те шешуші ойында Зәуреш тәжірибелі Мишель Бромлиeден басым түсіп, жерлестерімізге жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2.