• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2024

6 облыс аумағында 6 жол бөлігі жабылды

253 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше Түркістан облысында 1 учаскеде жүк көліктері үшін, ал өзге облыстардағы 5 жол бөлігінде көліктердің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, көріну шектеулілігі). «Омбы - Майқапшағай» - Қалбатау а - Бұғаз.  

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көріну шектеулілігі). «Алматы - Ташкент - Термез» - Кенен ауылы - Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көріну шектеулілігі). «Үшарал-Достық» - Көктұма - Достық.

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысының шекарасы - Арқалық.  

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көріну шектеулілігі) «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау кенті - Қостанай облысының шекарасы.

Түркістан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 106 км (бұрқасын, көктайғақ) «Жизақ -  Гагарин - Жетісай - Сарыағаш - Жібек жолы - Қызыләскер - Черняевка» (жүк көліктері үшін).