Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізген Израиль азаматы ұсталды, деп жазады Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, шетел азаматының Қазақстанда тұруға рұқсаты бар екені анықталды.
«Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Ол мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жазаланады. Сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды», делінген ақпаратта.