• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Ақпан, 2024

Реформалардың қозғаушы күші

137 рет
көрсетілді

Президенттік жастар кадрлық резерві (ПЖКР) – Мемлекет басшысының маңызды бастамасы. Президент 2019 жылы реформалау бағамы қажеттігін мәлімдей отырып, мемлекеттік басқару жүйесіне жас мамандарды тарту тетігін жасауды қолға алған болатын.

Бұл шешім – өте орынды. Өйткені жастарға өзгерістердің бастауында тұруға тиіс. Ал реформаларды қауырт қолға алып, жүзеге асыруға белсене атсалысса, тіпті құба-құп.

Қазірдің өзінде резервтегі мамандар мемлекеттік қызмет пен басқару жүйесіне белсенді араласып келеді. Айта­лық, бүгінде жұмысқа қа­был­даудың үш толқынында 400 жас маман резервке алынды. Олар 20 мыңнан астам үміт­кердің арасынан іріктелді. 367 ре­зервші орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істейді, сонымен қатар саяси қызметтер де атқарады.

Осы орайда ПЖКР мү­шелігі қандай да бір артық­шылықтар бермейтінін есте ұстауымыз керек. Бұл тең­герім мемлекеттік қызметте бел­гілі бір лауазымды ат­қа­руға үміткерлерге қойы­латын біліктілік талаптары жүйесіне байланысты орын алып отыр. Көбіне талаптар төменгі лауазымдардағы немесе бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметтегі жұ­мыс өтіліне қатысты. Бұл талап жеке сектордан кадрлар тар­туға кедергі болып отыр. Дегенмен ПЖКР мүшелігі мемлекеттік қызметтің жекелеген санаттары мен лауазымдарына өзін ұсынуға құқық береді.

Егер жастың кәсіптік білімі, озық біліктілігі және өз са­­ласында мол тәжірибесі бол­са, оны түрлі деңгейдегі мем­лекеттік басқару жүйесіне тарту орынды. Мамандарды баға­лаудың бұл тәсілі бүкіл әлемде бұрыннан қолданылып келеді.

ПЖКР жүйесі нақты мә­се­лелерді шешу үшін қажетті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Оңтүстік Кореядан инвесторлар тарту, Қазақстан­ның туристік тартымдылығын арттыруда табысты тәжірибе бар – мұның барлығына нақты осы резервшілер жұмысының арқасында қол жеткізілді.

Дарынды жас мамандарға арналған кадрлық резерв  жаңа буын көшбасшыларын қалып­тас­тыра­тын әлеуметтік баспалдақ бола алады. Әзірге олардың алдын­да мемлекеттік басқару жүйесі­не инновациялар енгізу, мем­ле­кет алдында тұрған мін­­дет­терге қол жеткізу үшін тұ­жы­рымдамалық жаңа көз­қарас пен дүниетанымды қалып­тастыру міндеті тұр.

 

Ермек ТОҚТАРОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ стратегиялық талдау басқармасының басшысы