• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Ақпан, 2024

Өзекті әрі маңызды бастама

105 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жас­тар кадрлық резервін құру арқылы дарынды жастарды басшылық қызметке тарту туралы бастамасы өте өзекті және маңызды деп білемін.

Біріншіден, бүгінде мем­лекеттік аппаратқа жас әрі талант­ты менеджерлер қажет болса, екінші жағынан, Президенттік жастар кадрлық резерві жастар­ға мемлекеттік қызметте өзін көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Көріп отырғанымыздай, көптеген жас резервші қазірдің өзінде түрлі салада жоғары қызметтерде жұмыс істеп жүр.

Жалпы, бұл бастама халық­аралық озық тәжірибеге сәйкес келеді. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеу процедураларының ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Өз тарапымнан бұл бастаманың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі Астана хабы агенттікке резервке іріктеу жүргізуде тұ­рақты түрде сараптамалық және техникалық қолдау көрсетіп отыр­ғанын атап өткім келеді. Жас резервшілер еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін.

 

Мақсұт ӨТЕШЕВ,

Астана мемлекеттік қызмет хабының кеңесшісі