Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Ер адамды «Тұран» ауданы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері рейд барысында анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені анықталды.
2010 жылы оның үстінен Ташкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Жақында ол өз еліне депортацияланды.