• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Ақпан, 2024

"-20 градусқа дейін төмендейді": Наурыз айында ауа райы қандай болады?

13547 рет
көрсетілді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында наурызда ауа райы қандай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Ақпанның үшінші онкүндігінде синоптикалық болжам бойынша, елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -5 градустан -15 градусқа дейін, күндіз 0 градустан -7 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы -12 градустан -20 градусқа дейін, күндіз -3 градустан -12 градусқа дейін төмендейді деп болжанады, - деді министр.

Наурыздың үшінші онкүндігінде елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде 0 градустан, -8 градусқа дейін, күндіз 0 градустан +8 градусқа дейін жылынады деп күтеледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде 0 градустан +8 градусқа дейін, күндіз +5 градустан +15 градусқа дейін жоғарылайды деп айтылған.

Нысанбаевтың мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашын қар, елдің оңтүстігінде жаңбыр, ылғалды қар түріндегі ауа райф болады деп күтіліп отыр.