Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ол сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді», деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.