• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2024

Қарағандыда жаңа босанған әйел сәбиін көшеге тастап кеткен

340 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық Полиция департаменті қызметкерлері аязды күні нәрестесін тапстап кеткен ананы іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, полицияға ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс аудандағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның анасын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.