• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 25 Ақпан, 2024

Бір айда 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді – сейсмолог

752 рет
көрсетілді

Осы жылдың  23 қаңтарынан бері 8 мың жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап.

«Бүгін Алматыда сағат 10:14-те жер сілкінісі тіркелді. Айта кету керек, бұл 23 қаңтарда болған қатты  жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бері біз 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркедік. Соның ішінде 100-ден астамының магнитудасы 5-тен жоғары болды. Тек 20 жер сілкінісі ғана тұрғындарға сезілді», деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.