Илон Масктің чипі алғаш рет адамның миына енгізілді. Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісінде хабарлады. Миында Neuralink чипі бар бірінші адам «ой күші» курсорын басқара алды.
Бірнеше апта бұрын Илон Масктің Neuralink стартапы бірінші адамның миына нейроимплант енгізген еді. Қазір белгілі болғандай, отадан кейінгі сауықтыру сәтті өткен. Науқас имплантация мүмкіндіктерін қолдана бастады. Құрылғы ойлау арқылы телефонды немесе компьютерді басқаруға мүмкіндік береді. Өнертапқыштың айтуынша, алғашқы пайдаланушылар аяқ-қолдары жансызданған жандар болмақ. Бұл ғылыми төңкеріс «Телепатия» деген атау алды.
– Кеше бірінші адамға Neuralink чип салды. Ол қазір қалпына келді. Бастапқы нәтижелер нейрондық жүйелердің анықталуына байланысты, – деп жазды Маск.
Илон ұсынған технологияның басты жетістіктерінің бірі – интерфейстің сымсыз және шағын болып шыққаны. Имплант нейрохирургиялық робот енгізген электродтар және жұқа полимерлі жіптерден тұрады. Сонымен қатар чипте сигнал беруге арналған қуатты шағын күшейткіштер бар. Бір ескерер дүние, Масктің командасы бұрын нейроимплантациямен айналысқандардың барлығында кездесетін ең үлкен мәселені шешті. Ол – биоүйлесімділік пен қауіпсіздік.
Бұған дейін бұл нәтижеге жету үшін жануарларға бірқатар сынақ жасалған еді. Сынақ барысында маймылдар тек миды пайдаланып компьютерлік ойындар ойнайтын деңгейге жеткен. Бұл тәжірибелер жануарлар құқығын қорғау топтарын дүр сілкіндіріп, наразылық та туғызды. Дегенмен АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы 2023 жылдың мамырында Neuralink компаниясына адамға клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берді.
Еске сала кетейік, Neuralink – 2017 жылы Илон Маск негізін қалаған алып компания. Ол сол кезден бастап жарақат алған адамдарға тек өз ойларын қолдана отырып, гаджеттерді басқаруға көмектесетін интерфейс құрылғысы келген еді. Енді сол мақсатына жеткен де секілді.