• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Ақпан, 2024

Нариман алтын алды

158 рет
көрсетілді

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысында На­риман Құрбанов өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты.

26 жастағы жерлесіміздің есімі жан­күйерлерге жақсы таныс. Нариман – талай дү­бірлі додаларда жүлде алған сақа спорт­шы. Атап айтсақ, Дүниежүзілік Универ­сиаданың екі дүркін күміс, Азия ойын­дарының қола жүлдегері, құрлық бірін­шілігінде толық медальдар жиынтығын олжалады. Ислам ынтымақтастық ойындарында да жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар Әлем кубогінің кезеңдік жарыстарында ара-тұра атой салып жүр.

Күні кеше ғана Құрбанов сондай байрақты бәсекелердің бірінде асқан шеберлігін паш етті. Ол Котбуста «ат» жаттығуы бойынша алдына жан салмай, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал иорданиялық Ахмад Әбу әл-Соуд пен оңтүстіккореялық Вунг Хур күміс және қола медальды иеленді.