Нидерландтың Тильбург қаласында Challenge Cup турнирі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның ең үздік мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров өнер көрсетті.
Осыдан екі жыл бұрын жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс медальды иеленген 19 жастағы Алматының тумасы ересектер дуында да өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Қызғалдақтар елінде Шайдоров асқан шеберлік танытып, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді. Қысқа бағдарламаны (85.75 ұпай) екінші орынмен қорытындылаған ол еркін жаттығуда (270.59 ұпай) алдына жан салмады. Нәтижесінде, бас жүлде жерлесімізге бұйырды.
Жапонияның қос мықтысы – Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері Тацуя Цубой мен командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері Казуки Томоно Тильбургте күміс пен қола медальды қанағат тұтуға мәжбүр болды.