Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты басталды. Суға секіруден жүлделер сарапқа салынды. Қоржынға алғашқы жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
Синхронды секіру бағдарламасында Қазақстан спортшылары 19 жастағы Диана Жұмағұлова – 16 жасар Анабелла Кочкина жұбы 187,53 ұпай көрсеткішімен күміс медаль жеңіп алды.