Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды.
Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның инвестордың атқарушы билік органдарымен, қадағалау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыру және оңайлату жөніндегі ұсыныстары тыңдалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен «жасыл дәліз» тетігі әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар Бас прокуратура «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларымен инвестициялық келісімшарт жасасу бойынша бірқатар жүйелі ұсыныс айтты. Ақмола және Ақтөбе облысы әкімдіктері инвестиция тарту жоспарларын таныстырды.
Жалпы, жоспарланған жұмыстардың толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Инвестицияларды тарту үшін өңірлердің, оның ішінде өнеркәсіп, логистика және АӨК салаларындағы үлкен инвестициялық әлеуеті атап өтілді.
Сондай-ақ кеңесте жер қойнауын пайдалану және химия өнеркәсібі саласындағы жекелеген инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.