• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 27 Ақпан, 2024

Картина құпиясы

219 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект атақты суретші Рафаэль карти­насының құпиясын ашты.

Рафаэль Санти – ренессанс суретшілерінің бірі. Халық оны Микеланджело, Леонардо да Винчилермен қатар қояды. Небәрі 37 жыл өмір сүріп, сурет әлеміне 184 картина сыйлап кеткен. Бүгінгі әңгімеміз оның та­нымал еңбегінің бірі  – «Ма­донна және раушан» картинасы туралы болмақ.

Бредфорд университетінің ғалымдары бастаған сарапшылар тобы осы картинадағы Әулие Джозефтің бетін бас­қа суретші салғанын анық­тады. Зерттеу жасанды сана кө­мегімен жүргізілген. Ал су­­реттің қалған бөлігін Ра­фаэль­дің өзі салғанына жасанды интеллект еш кү­мән кел­тір­мейді. Жұмыс нә­тижелері «Heritage Science» журналында жарияланды.

Ғалымдар әзірлеген алгоритм Рафаэль Сантидің өзі салған туындыларын 98 па­йыз дәлдікпен тани алады. Бұл алгоритм суретшінің қылқаламының негізінде жа­салған. Дегенмен өнер құ­пиясын ашатын зерттеу өнер­­танушылар тарапынан сынға ұшырады. Ал ға­лымдар теріс пікір есті­ген сайын «ком­пью­терлік әдіс­терді одан әрі жетіл­дірі­п, өнер сырларын аша түсеміз» дейді.

– Талдау машиналық оқыту мен объективті және сандық тәсіл негізінде жасалған. Ра­фаэльдің суреттерін қолдана отырып, оның стилін, түстер палитрасынан, көлеңкелерді және жұмыстың барлық ас­пектілерін зерттедік. Ком­пью­тер адамның көзі­мен салыс­тыр­ғанда микроскопиялық деңгейде көреді. Осы ал­горитм болашақ зерттеулерде де пайдасын береді деп се­неміз. Жа­­санды интеллект өмір мен өнердің құпиясын әлі де аша түседі, – дейді зерттеу жұ­мы­сының бірлескен тел­авторы Хасан Угайл.

Бұл зерттеудің нәтижелері авторлық құқы туралы шешім қабыл­дауға жеткіліксіз. Себебі жа­сан­ды зият ескермеген өзге де көп­теген фактор болуы мүмкін.