• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Хоккей 28 Ақпан, 2024

Гагарин кубогіне таласады

46 рет
көрсетілді

29 ақпанда Құрлықтық хоккей ли­гасының (ҚХЛ) плей-офф бәсекелері басталады.

1 наурызға дейін жалғасатын 1/8 финалда мына командалар өзара күш сынасады: «Динамо» (Мәскеу) – «Динамо» (Минск), СКА (Санкт-Петербург) – «Торпедо» (Төменгі Новгород), «Локомотив» (Ярославль) – ЦСКА (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу ) – «Северсталь» (Череповец), «Металлург» (Маг­нитогорск) – «Амур» (Хабаровск), «Аван­гард» (Омбы) – «Лада» (Тольятти), «Салават Юлаев» (Уфа) – «Трактор» (Челябі) және «Ақ Барс» (Қазан) – «Автомобилист» (Екатеринбург).

Өкінішке қарай, биылғы маусымда тым сүреңсіз өнер көрсеткен «Барыс» Гагарин кубогі жолындағы жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Тұрақты біріншілікте олар 23 команданың арасынан 22-орында қалып қойды.