• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2024

Анасын іздеген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

8007 рет
көрсетілді

Ол бүгін алғыс күніне орай өтетін іс-шараға қатысады. Бұл туралы Qazradio.fm инстаграм парақшасында құлағдар етілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жәнібек Савельевтің Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» іс-шарасына қатысатыны жоспарланған. «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр», делінген аталған инстаграм парақшада. Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған жиында Жәнібектен бөлек, тағы бірнеше адам қонақ болады.