Орал қаласында полицейлер 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында тоқтатылған автокөліктен 593 киік мүйізі табылған.
Мәлім болғандай, көлік тізгініндегі адам Атырау облысы тұрғыны болып шыққан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.