Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем біріншілігінің шымылдығы түрілді.
Жарыс Қазақстанның спортшылары үшін сәтсіз басталды. Қыздар сайысының қысқа бағдарламасында сынға түскен Екатерина Балюба небәрі 47, 25 ұпай жинап, финалға шыға алмады. Ол 46 спортшының арасында 34-орынды қанағат тұтты. Бұл жаттығуда Оңтүстік Кореяның өкілі Чжи А Син (73,48 ұпай) топ жарса, жапониялық Мао Шимада (72,60) мен Икура Кушида (66,61) екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Сондай-ақ финляндиялық Ида Кархунен (64,64) мен эстониялық Элина Гойдина (63,03) үздік бестіктің қатарына қосылды. Жинаған ұпайларын есепке алсақ, жүлделі орындар үшін тартыс шамасы дәл осы мәнерлеп сырғанаушылар арасында өтеді.
Тайпейдегі ендігі үмітіміз – Олег Мельников. 18 жастағы жерлесіміз кеше қысқа бағдарламада өнер көрсетті.