• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әскер 29 Ақпан, 2024

Қақтығыс аймағындағы журналистік қызмет

150 рет
көрсетілді

Ұлттық қорғаныс уни­верситетінде мемлекеттік органдар баспасөз қыз­меттерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан оқу-әдіс­темелік семинар өтті.

Әскери журналист қызметінің ерекшелігі және дағдарыс жағ­дайын­да коммуникация жасау мә­селелері түсіндірілген іс-ша­рада сарапшылар журналистерге ақпараттық және қарсы насихат жұмысының түрлері, халыққа ақпараттық-психологиялық әсер ету әдістері, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда дағдарыстық жағдай­лар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері туралы жеткізді. Әскери қақтығыс жағдайындағы журналистердің жұмысына, таби­ғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі кезінде халықты хабардар ету тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Дәріс курсынан кейін әдісте­мелік сабақтар өтті. Онда ТЖ режімі, жаппай тәртіпсіздіктер орын алғанда және терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта журналист жұмысының ерекшеліктері қаралды. Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы, подполковник Руслан Жангулин семинар аясында ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ ақпараттық қарсы күрес мәселелері маңызды екенін айтты.

– Әскери қақтығыстар туын­да­ған кезде журналистерді сауа­т­ты іс-әрекетке дайындау тұр­ғысынан бізде жақсы тәжі­рибе жинақталды, – деді ол. – Бірнеше жыл бойы экстремалды журналистикадан әскери дискурстар өткізіп келеміз. Дала­лық жағдайда журналис­тер бетпе-бет келуі мүмкін сцена­рийлерді пысықтадық. Бү­гін семинарға қатысушылар әске­ри қақтығыстар аймағында жұ­мыс істеу ерекшеліктерімен та­ныс­ты. Бұдан басқа мемле­кет­тік органдар баспасөз қыз­меттерінің өкілдеріне дағдарыс жағдайларында іс-әрекетті үйлес­тіру жөнінде ұсыныстар берілді.

Қорғаныс ведомствосының өкілі отандық журналистердің әскери саладан жеткілікті дең­гейде хабардар болуы керегін атап өтті. Бұл тұрғыда бүгінгі таңда әскери тақырыпқа маманданған тілшілердің құзыреттілігін арттыру, Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін, жауынгерлік қызметін неғұрлым кәсіби түрде жариялау үшін жағдай жасау мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып келеді.

Семинар соңында журналистермен кездескен Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Мәдениет және ақпа­рат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысушыларға сертификаттар табыс етті. Дархан Ахмедиев еліміздің Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-әрекет жос­парына сәйкес өткізілген семинарда қаралған мәселелердің өзектілігін атады. Мәдениет және ақпарат вице-министрі бұл іс-шараның негізгі мақсаты – баспасөз қызметі, БАҚ және блогерлер қауымдастығы өкілдерінің дағдарыс кезінде, төтенше жағдайлар және әске­ри қақтығыс жағдайындағы жұмысының ерекшеліктері мен іс-әрекеттері, олар­дың кәсібилігі мен жұмыс сапасын арттыру, сондай-ақ халықты нақты және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету екенін жеткізді.