• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2024

Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

158 рет
көрсетілді

Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінген экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алғашқы тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгіленген күн сот кеңсесінің сайтында жарияланған ақпараттан белгілі болды. Оған сәйкес, алғашқы сот тыңдауы дүйсенбі, 2024 жылдың 11 наурызында өтеді.

Фото: office.sud.kz

Еске сала кетсек, өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болған.

 

2024 жылдың 8 қаңтарында аталған ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. Көп ұзамай, 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын жария етті.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі күдікті Қуандық Бишімбаевқа «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабымен қоса, «Азаптау» бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.

Жуырда, 2024 жылдың 26 ​​ақпанында Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді.