• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Наурыз, 2024

Астанада пәтер өртеніп, 38 адам эвакуацияланды

115 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін сағат 18:38-де Астана қаласы  Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтерде өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өрт салдарынан айналаға қою түтін тараған.

«Өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның 15-і бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала бар. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды. Жалын 30 метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19:29-да сөндірілді», делінген ТЖМ хабарламасында.