Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Ағайын» қазақ мәдени қоғамдық бірлестігі «Шәмші әлемі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Достық үйінде өткен мағыналы іс-шараға өңірдегі этномәдени қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі филиалы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы қатысты. «Ағайын» бірлестігінің жетекшісі Арман Биғалиев «Алғыс айту» күні қарсаңында қойылған концерт бағдарламасында достық тақырыбына көңіл бөлген екен.
Сахнада халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең», «Сыған серенадасы», «Қайықта», т.б. әндерінің дүниеге келу тарихынан сахналық қойылым көрсетілді. Концерт барысында Шәмшіні көрген жандардың бейне естелігі және композитор әндерінен бейнероликтер көрсетілді.
Батыс Қазақстан облысы