• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Наурыз, 2024

Сурдлимпиялық ойындар басталды

75 рет
көрсетілді

Кеше Түркияның Эрзурум қаласында ХХ қысқы Сурдлимпиялық ойында­рының алауы тұтанды.

Есту қабілеті нашар спортшылар ара­сындағы жарыста 36 мемлекеттен келген

1 мыңға жуық үміткер бақ сынап жатыр. Олар тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы, шахмат, футзал және керлингтен сайысқа түсіп, 34 медальдар жиынтығын сарапқа салып жатыр. Анадолы еліне Қазақстанның 26 өрені аттанды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сұлтан Қо­жахметов ұстап шықты. Бұл жарыс 12 наурызда өз мәресіне жетеді.

– Түркиядағы додаға біз барынша даяр­ландық. Алты бірдей республикалық деңгей­дегі жарыстар өткізіп, тоғыз оқу-жаттығу жи­ынын ұйымдастырдық. Осының бар­лығы аталған осы ойындарда өзінің оңды нәти­жесін береді деп ойлаймын, – дейді Дене мүм­кіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының басшысы Ержан Естаев.