Полиция Алматыда шекара қызметі подполковнигінің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, офицер педофилиямен айналысты деген күдікке ілінген. Алматы полициясы тергеу жариялады.
- Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр, - деп жазды Алматы полиция департаментінен.