Көркем жүзуден 13-15 жас аралығындағы Қазақстан құрамасы Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өткен су спортынан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ел құрамасы сапынан он спортшы шықты: Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Ангелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева, Аяулым Жақпаева, Перизат Бағаева.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірінші, Өзбекстан екінші орында, Таиланд үздік үштікті түйіндеп тұр.