Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында «Мырзатаев» ЖК краншысы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы YK-news хабар таратты.
«Жұмыс барысында кран сынып қалған соң, тізгінде болған жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйреуді сұраған. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмай, жұмысшыны кран басып қалған. Краншы сол жерде жан тапсырды», делінген хабарламада.
Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы барды.
Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.