• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Айбын 04 Наурыз, 2024

Тәрбиеші офицерлер марапатталды

93 рет
көрсетілді

Шымкент гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. 1993 жылы Президент Жарлығымен құрылған тәрбие құрылымдары офицерлері үшін кәсіби мерекені атап өту дәстүрге айналған.

Салтанатты іс-шара қалалық жас­тар ресурстық орталығында өтті. Оған гарнизонның әскери бөлім коман­дирлері, қорғаныс істері департамент­тері мен оқу орындарының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орын­басарлары, сондай-ақ Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Мерекелік жиында гарнизон басшысы, подполковник Айдос Исаев жиналған барша қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол бүгінде гарнизонның әскери ұжымдарының тәрбие және идеологиялық жұмысы ақпараттық-тәрбие, психологиялық, мәдени-демалыс, әскери-әлеуметтік, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау сияқты көптеген бағыттарда белсенді жұмыс атқарылып жатқанын мәлім етті.

– Тәрбие құрылымдары офицерле­рінің жұмысы қажырлы және маңыз­ды іс саналады. Олар әскери қыз­мет­шілермен тіл табыса білуі, оларды тү­сінуі және сенімді қарым-қаты­нас құ­рудың жолдарын таба білуі қажет. Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін сақтау тікелей тәрбиешілерге байланысты, – деп атап өтті подполковник А.Исаев.

Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлар институтының құрылу тарихы Қарулы күштердің қа­лып­тасуымен тығыз байланысты. Қа­зақ­стан армиясының дамуы мен қалып­тасуына қосқан зор үлесі үшін салтанат­ты жиын барысында ұрпақтар сабақтастығын көрсету мақсатында Қарулы күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

– Запасқа кеткен әскери қызметші­лердің көпшілігі бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырып жатқанын түсіну қуантады. Әске­ри ұжымның қамқорлығы мен наза­ры­ның арқасында біз, Қарулы күш­тердің ардагерлері, қоғамға, әсіресе, жастарымызға жинаған тәжіри­бе­мізді жеткізу үшін әлі де пайдалы еке­німізді сезінеміз. Бұл ұрпақтар сабақ­тастығының басты мәні мен кілті, онсыз біз болашаққа жол ашпаймыз, – деп атап өтті запастағы полковник Рейімбай Халмұратов.

Үздік тәрбиешілер гарнизон басшы­сының атынан грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға қуаныш пен шаттық сыйлаған мерекелік концертпен аяқталды.

 

ШЫМКЕНТ